Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйБілімБІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТОПТЫҚ ЖОБАЛАРЫН БАҒАЛАУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТОПТЫҚ ЖОБАЛАРЫН БАҒАЛАУ

Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға,тұрмыс құруға үйретеді.
Шоқан Уәлиханов.

Білім алушылардың топтық жобалауларын бағалау жайлы айтудан бұрын, топтық жобалаудың не екеніне тоқтала кеткім келіп тұр. Топтық жобалау дегеніміз білім алушылардың белгілі бір тақырып бойынша бірігіп жұмыс істеп, өзара ауызбіршілікке, ынтымақтастықта, бірлесе іздене отырып шешімін табатын, жақсы нәтижеге қол жеткізетін оқу-танымдық әрекеті

Көп жылдық еңбек жолымда білім алушыларға жеке дара сабақ айтып, ізденгеннен гөрі топтық, жұптық жұмыстар көбірек ұнайтынын байқадым. Себебі, осы арқылы білім алушылардың арасында түсіністік, жақсы қарым-қатынас, білім алуға деген қызығушылық, топтар арасында бәсекелестіктен алға ұмтылу туады екен.Тағы бір айта кететін жәйт, топпен жұмыс жасағанда білім алушының барлығы қатысып топқа өз үлесін қосады .  Ал, оқушылардың топтық жұмыстарын бағалау  дегеніміз олардың ынтымақтастығын, шығармашылыққа икемділігін, ой қорыта білуін, сабақ барысында өзін толық көрсете білуін, және білім алуға деген ынтасын дамытуға бағытталған маңызды процесс. Сондықтан әрбір педагог бағалау кезінде қырағы болуы тиіс. Бұл жерде білімалушылардың ішкі  толғаныстарымен сыртқа ортамен қаншалықты байланыса алғаны да назарда болуы тиіс.

Топтық жұмысты бағалауда дәл сол сабақ барысындағы қимыл-әрекеттерге, оқушының өзін ұстауына, ой қорытуына, сабақты жеткізуде қаншалықты үлес қосқанына баса назар аудару керек деген пікірдемін. Себебі,кей балалар жеке дара өзінкөрсете алмаса да, топтық жұмыста белсенділігі артып, тіпті лидерлік қабілеті көрінуі мүмкін. Сондықтан олардың жұмысын бағалауда педагог мынадай ерекшеліктерге тереңірек назар аудару тиіс:

Өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күшті және әлсіз жақтарын анықтау.

– топтық жұмыстағы әр баланың белсенділігі, берілген тапсырмаларды теңдей үлестіру, пікірлерін ортаға сала отырып ортақ шешім қабылдаулары.

– шығармашылық көз қарастары:  жобаны ерекше ұсынуы, қиялға ерік бере отырып түрлі әдістерді қолдануы.

– мазмұны мен зерттеу сапасы: ақпараттың толықтығы, дұрыстығы және тақырыпқа сәйкестігі

– эстетикалық тартымдылығы

– оқушының өз идеясын сенімді жеткізуі, сұрақтарға нақты жауап беруі.

Сонымен қатар балалардың жас ерекшелігі де ескерілуі тиіс. Мұғалім білім алушыдарды бақылай  отырып,кері байланыс берулері, тақырыптың толық ашылуы, балалардың бір-бірін түсіне білуіне баса назар аудару қажет деп ойлаймын.

Қорыта келгенде айтарым, топтық жұмыс жасау арқылы білім алудың тиімді әрі балаларды жан-жақты дамуға дағдыландыруға болады. Ал  оны бағалау ең алдымен жұмыс барысына, білім алушының жас ерекшелігіне, тақырыпты аша түсуінен байланысты болуы тиіс.

Аширбекова Гулжамила Махамбетовна

№10 Асыл мұра ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

📜 Сертификатты жүктеу

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ