Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі, «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесін Мақтаарал ауданының жастары ерекше деңгейде атап өтті. Қазыналы, қасиет дарыған қарияларымыздың еліміз, халқымыз және келешек ұрпақ үшін жасаған игі істері әрдайым құрметке лайық.
Осы қағиданы жанына серік еткен Мақтаарал ауданық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандары мен ауданның ерікті жастары, Мырзакент кентінің тұрғыны, қадірлі қария Жүсіпов Сырым Мүсірепұлының шаңырағында болып, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Сырым атамыз аялуы жары Құрманкүл апа екеуі 4 ұл 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, 16 немеренің ардақты атасы мен аяулы әжесі атанып отырған берекелі шаңырақ.
Мереке қарсаңында құттықтап келген жастаға Сырым атамыз ризашылығын білдіріп, қазіргі таңда өзі айналысып отыған цехтың жұмысымен таныстырды. Қазіргі таңда аталмыш цехта 88 адам жұмыс жасайды. Сонымен қатар, Сырым атамыз студенттерге дәл осы цехта практикалық тәжірибеден өтуге мүмкіндіктері бар екендігін айтып, адал еңбектің наны қашанда тәтті болатынын жеткізіп, еңбек жолындағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Айта кетейік, Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі – «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесі ауданымызда жоғары деңгейде атап өтілуде. Ортамызда жүрген қарияларымыздың еліміз, халқымыз және келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алары сөзсіз.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсатымыз – әлеуметтік жағынан аз қорғалған қарт адамдарға, жалғызбасты қарт пен мүгедектігі бар адамдарға көңіл бөлу, оларға қайырымдылық көмек көрсету.
Осыған орай, Мақтаарал ауданы “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері, еріктілері және Мақтаарал Аграрлық колледжінің ұстаздары, студенттері Мырзакент кентінің тұрғыны, жалғыз басты ана Испанова Дариха ханымның үйіне барып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Бау-бақшасында шөптері, қоқыстары тазартылды.
“1 қазан – Қарттар күнімен” басшы құттықтап, арнайы “Алғыс хатпен” және де жастардың атынан сый-сияпат табысталды. Дариха апа жастардың студенттердің, еріктілердің атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, батасын берді.