Среда, 17 сентября, 2025
24.1 C
Мырзакент
ҮйСЭСБалалар арасында тамақтан уланудың алдын алу және оның белгілері

Балалар арасында тамақтан уланудың алдын алу және оның белгілері

Тамақтан улану – бұл асқазан-ішек жолдарына тамақпен немесе сусындармен бірге зиянды бактериялардың түсуінен ішкі органдардың жұмысының бұзылуы. Құрамында химиялық заттары бар немесе бактериялары бар тамақты ішкеннен кейін, токсиндер қан құрамына сіңіп, улану тудырады.

Улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, өмір сүру деңгейі бактерияға ұшыраған, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда пайда болады. Бұл жағдай көбінесе балалар арасында саяхатқа шыққанда, жеке бас гигиенасы талаптарын сақтамағанда бактериалды уланудың дамуына әкеліп соғады. Мұның себебі – баланың ағзасы әлі толық жетілмегендіктен, тамақ өнімдерінің құрамында болуы мүмкін улы заттармен тиімді күресуге қабілетсіз болуынан.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырғанда, тамақтануын ұйымдастырушы заңды және жеке тұлғалар балаларды қауіпсіз тағамдармен қамтамасыз етуге міндетті:

– тиым салынатын тағамдарды қолдануға жол берілмейді;

– тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн;

– шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды; Өйткені, дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін.

– қолды жиі жуу және жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды;

– барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет, оның ішінде ыдыс-аяқ пен едендерді зарарсыздандыруды қолдана отырып, пайдаланылатын мүкәммалды уақтылы ауыстыра отырып;

Жаз мезгілінде тез бұзылатын тағамдарды дұрыс сақтамаған жағдайда, төмендегі өнімдерден уланудың ықтимал қаупі бар:

• сүт өнімдері (негізінен сүзбе және балмұздақ);

• жұмыртқа;

• балық өнімдері және теңіз өнімдері;

• ет;

• крем қосылған кондитерлік өнімдер;

• дайын салаттар;

• фаст фуд;

• консервіленген өнімдер, әсіресе үйде жасалған.

Әрине, бұл балмұздақ немесе тәттілер міндетті түрде улануға әкеледі деп тыйым салуды білдірмейді. Дегенмен, баланы сапалы аспен тамақтандыру, оның фаст-фудқа байланысты қалауларын құптай бермеу және салауатты үй тамағына үйрету маңызды. Сонымен бірге, балаға тамақты дұрыс сақтауды үйрету қажет. Сол кезде ғана бала сатылып жатқан тағамның сапасына мән беріп, өз өмірін түрлі қауіпті уланулардан сақтай алады.

Тамақтан уланудың белгілері:

• Жүрек айну;

• құсу;

• Асқазанның ауырсынуы;

• Диарея (күніне бірнеше ретке дейін);

Тамақтан уланған кезде бірден емдеуге көшу керек, өйткені мұндай жағдайды назардан тыс қалдыру түрлі асқынуларға алып келеді.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ