Вторник, 15 июля, 2025
29 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚБ.СЫДЫКОВ: Жамбыл ауылы - округтің жүрегі

Б.СЫДЫКОВ: Жамбыл ауылы – округтің жүрегі

Бүгін мен үшін ерекше күндердің бірі болды. Сайлауалды бағдарламамды таныстыру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл ауылдық округінің орталығы – Жамбыл елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, ашық пікір алмасу өткіздім.

Бұл кездесу барысында ауыл тұрғындарының күнделікті өміріндегі өзекті мәселелер мен елді мекеннің болашағына қатысты нақты ұсыныстары тыңдалды. Жамбыл ауылы – округтің жүрегі, сондықтан оның дамуы мен көркеюі – барша ауылдардың дамуына жол ашады.

Кездесу өте жылы, шынайы форматта өтті. Ауыл азаматтары белсенділік танытып, нақты мәселелерді көтерді. Барлық ұсыныс-пікірлерді түртіп алып, болашақ жұмыс жоспарыма енгізуге міндеттеме алдым.

Жамбыл елді мекенінің тұрғындарына шын жүректен ризашылығымды білдіремін! Бұл кездесуден көп күш-қуат, сенім алдым. Сіздердің қолдауларыңыз – мен үшін басты тірек!

Алдағы 13 шілде күні өтетін сайлауда белсенділік танытып, менің бағдарламама қолдау көрсетесіздер деп сенемін. Біз бірге болсақ – ауылымыз өседі, гүлденеді!

БІРГЕ – БЕРЕКЕЛІ БОЛАШАҚҚА!

Ізгі ниетпен,

СЫДЫҚОВ Бақытжан Байшықұлы

Жамбыл ауылдық округінің әкіміне кандидат

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ