Пятница, 11 июля, 2025
30.9 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚБ.СЫДЫКОВ: Біз бірге өсеміз, өркендейміз!

Б.СЫДЫКОВ: Біз бірге өсеміз, өркендейміз!

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарым аясында Жамбыл ауылдық округіне қарасты Тегістік елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Бұл кездесу мен үшін аса маңызды әрі мазмұнды өтті.

Тегістік ауылы – округіміздің еңбекқор, берекелі ауылдарының бірі. Халқы ашық-жарқын, ауыл мәселесіне бейжай қарамайтын, болашағына алаңдайтын азаматтар екені баршаңызға белгілі.

Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздік, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығына және кәсіпкерлікке жеңілдетілген несиелендіру, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері көтерілді. Мен сайлауалды бағдарламамда айтылған бұл мәселелердің баршасы қамтылғанын атап өтіп, үгіт-насихат жұмыстарымды жүргіздім.

Тегістік ауылының тұрғындары өздерінің пікірлерін, ұсыныс-тілектерін еркін жеткізді. Мен үшін әрбір айтылған ой — болашақта жүзеге асырылуы тиіс нақты міндет деп білемін. Бұл кездесулер бағдарламамды нақтылауға, оны ауыл өмірінің шынайы жағдайына икемдеуге үлкен көмек.

Сіздердің сенімдеріңіз – менің жауапкершілігімді арттырып отыр. Алдағы 13 шілде күні өтетін сайлауда менің бағдарламама қолдау білдіріп, ауылымыздың жарқын болашағына бірге жол ашамыз деп сенемін.

ТЕГІСТІК – ТІРЕГІ МЫҚТЫ АУЫЛ!
БІЗ БІРГЕ ӨСЕМІЗ, БІРГЕ ӨРКЕНДЕЙМІЗ!

Ізгі ниетпен,

СЫДЫҚОВ Бақытжан Байшықұлы

Жамбыл ауылдық округінің әкіміне кандидат

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ