Мақтаарал аграрлық колледжінде 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған жоспарға сәйкес, «Гүл ек, тал ек, жерді түлет!» тақырыбында «Азамат» еріктілер тобы және «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы мүшелерінің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды. Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған оқушылар ауланы ретке келтірді, колледж ауласында ағаш көшеттерін отырғызды, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік ұйымдасқан түрде және өте жағымды көңіл күйде өтті. Қоршаған… Read More »«Азамат» еріктілер тобы және «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы мүшелерінің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды
Мақтаарал аграрлық колледжінде 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған жоспарға сәйкес, «Гүл ек, тал ек, жерді түлет!» тақырыбында «Азамат» еріктілер тобы және «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубы мүшелерінің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылды.
Қажетті құрал-жабдықтармен қаруланған оқушылар ауланы ретке келтірді, колледж ауласында ағаш көшеттерін отырғызды, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбілік ұйымдасқан түрде және өте жағымды көңіл күйде өтті.
Қоршаған әлем – бұл біздің үйіміз. Біз ондағы тазалық пен тәртіпті сақтауымыз керек. Студенттер өздеріне және жасаған жұмыстарына риза болды.

