Skip to content
Басты бет / СЭС / Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу

Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу

74

Аурухана ішілік инфекциялар(АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру.

Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру».

Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) –осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі.

АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі.

Аурухана ішілік инфекцияның берілу механизмдеріне қарсы іс-шаралар:

Науқастарды «іріңді» және «таза» топқа жіктеу;

Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша карантинді іс-шараларды кірістіру;

Медицина қызметкерлерінің қолын өңдеуі;

Операция аймағын, тері қабаттары, босану жолдарын өңдеу;

Бір ретті қолданылатын медицина құралдарын, арнайы киімдерді, дәретхана жабдықтары мен төсек жабдықтарын қолдану;

Әр пациенттен кейін төсек жабдықтары мен күтім заттарын дезинфекциялау және стерилизациялау;

Дезинфекцияны, стерилизация алды тазалау мен стерилизация сапасын қадағалау болып табылады.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.