Сейсенбі, Желтоқсан 3, 2024
6 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАуған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды.

Ауған жерінен кеткеніне ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, бұл соғыс майданегерлердің мәңгілік жан-жарасына айналды. Жалындап тұрған жас шағында мыңдаған азаматтар жат елде жан тапсырып, тірі қалғандар майданнан түрлі жарақатпен оралды.

Ауған жерінде жауынгерлік міндетін абыроймен атқарған ардагерлер бүгінгі таңда еліміздің әртүрлі саласында еңбек етіп жүр. Оның ішінде Базарбаев Ерғали мырзалар бастаған Мақтаарал, Жетісай ауданының ардагерлері әртүрлі қоғамдық іс-шаралардан қалыс қалған емес.

Бүгін «Мақтаарал» мәдениет үйінде ауған ардагерлеріне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті. «Ерлікке тағзым» атты іс-шараның мақсаты – сол Ауған соғысына қатысқан ағаларымыздың көзсіз ерліктерін дәріптеу, соғыс қасіретін бүгінгі жас ұрпаққа ұғындыру және отан қорғаудағы ержігіттердің міндетін асқақтату.

Іс-шарада ауған соғысы мен оған теңестірілген басқа да соғыс ардагерлерінің басынан кешкен қиындықтары туралы айтылып, ержүрек ағалардың батырлығы кейінгі ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.

«Ауған соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз!» – деді, Е.Базарбаев.

Айта кетейік, Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер өздерінің интернационалдық міндетін атқарса, оның ішінде 200-ден астам мақтааралдық жауынгерлер болды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ