Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Ауданда салықтық жалтару мен ретсіз сауда нысандарының мәселесі талқыланды

Ауданда салықтық жалтару мен ретсіз сауда нысандарының мәселесі талқыланды

317

Өткен аптада аудан әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Анарбековтың төрағалығымен маңызды жиын өтті. Басқосуда салықтық жалтару мен салықтық есептілікті қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандағы ретсіз салынған ғимараттар мен сауда нысандарының жағдайы кеңінен талқыланды.

Жиынға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, сәулет және қала құрылысы бөлімі мен жер қатынастары бөлімінің өкілдері, кенттер мен ауылдық округ әкімдері және өзге де жауапты сала мамандары қатысты.

Күн тәртібінде бірінші болып аудан аумағындағы бюджеттік тәртіп пен салықтық есептіліктің орындалу деңгейі қаралды. Бұл бағытта сөз алған Б.Анарбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бюджет түсімдерінің уақытылы және толық көлемде қамтамасыз етілуі аса маңызды екенін атап өтті. Ол сондай-ақ салық саласында тәртіпті күшейтіп, кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың міндеттемелерін уақытылы орындауы үшін түсіндіру және бақылау жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жекеменшік балалар бақшасының салықтық есептілігін күшейтуді тапсырды.

Жиын барысында екінші мәселе – ретсіз және заңсыз салынған ғимараттардың жағдайы бойынша ауданның сәулет және қала құрылысы бөлімінің есебі тыңдалды. Бөлім басшылығы құрылыс саласындағы заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, рұқсатсыз нысандарды анықтау және оларды ретке келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Аудан әкімінің орынбасары бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, әрбір елді мекенде нақты тексеру жүргізуді және заңсыз салынған нысандар бойынша тиісті шара қолдануды тапсырды.

Жиын қорытындысында Б.Анарбеков қатысушыларға нақты міндеттер жүктеп, әр сала басшысына өз бағыттары бойынша жол картасын әзірлеуді, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қала мәдениетін сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.