Четверг, 17 июля, 2025
33.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАуданда салықтық түсімдерге қатысты арнайы мәжіліс өтті

Ауданда салықтық түсімдерге қатысты арнайы мәжіліс өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбековтың төрағалығымен салықтық және салықтық емес түсімдердің орындалу барысына арналған арнайы мәжіліс өтті.

Ауданның экономика және қаржы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жиынға аудандық салық басқармасының басшысы, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, салық агенттері, аудандық білім бөлімінің басшысы мен бас есепшісі, сондай-ақ “Мырзакент” және “Атакент” аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері мен бас есепшілері қатысты.

Жиын барысында аудан бойынша салық түсімдерінің ағымдағы жағдайы мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы жан-жақты сараланды.

Бижан Анарбеков өз сөзінде салықтық тәртіптің күшеюі – аудан бюджетінің тұрақтылығы мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына тікелей ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, ол салық және салықтық емес түсімдердің толық әрі уақытылы түсуін қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер мен жауапты тұлғалардың тығыз жұмыс істеуі қажет екенін ескертті.

Мәжіліс барысында нақты ауылдық округтер мен мекемелер бойынша көрсеткіштер талданып, түсімдердің төмен болу себептері қаралды. Бірқатар әкімдер мен есепшілерге нақты тапсырмалар беріліп, жұмысты жандандыруға шақырды. Сондай-ақ, жиында аудандық білім бөлімі мен медициналық мекемелердің қаржы тәртібі мен салық агенті ретіндегі жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысында аудан әкімінің орынбасары салық түсімдерінің орындалуын апта сайын бақылауда ұстау қажеттігін айтып, нақты мерзімдер мен жауапты тұлғаларды белгіледі.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ