Сейсенбі, Желтоқсан 3, 2024
6 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАудан басшысы әдеби-сазды кешке қатысты

Аудан басшысы әдеби-сазды кешке қатысты

Мақтаарал ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанындағы әжелер алқасының ұйымдастыруымен «Қызды оң босағаға шығару» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әжелер алқасының 10 жылдық мерейтойы аясында өткен іс-шараның мақсаты – ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрді насихаттау және әжелер алқасының өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау.

Іс-шараға аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, ауданның жастарын тәрбиелеуде әжелер алқасының жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар, белсенді әжелерді алғыс хатымен марапаттады.

«Сонау ата-бабамыздан келе жатқан «әжелер мектебін» жаңғырту, сол арқылы бүгінгі ұрпаққа тәрбие беру – маңызды іс. Бұл ретті аудандық әжелер алқасы көптеген игі істердің басынан табылып, ауданымыздың жастарына тәрибе беруде белсенді жұмыс жасап келеді. Әрқашан дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болып, ұрпақ тәрбиесін жалғастыра берулеріңізге тілектеспін. Еліміздің болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға шынайы алғысымды білдіремін!» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров, аудандық әжелер алқасының төрайымы Шахзада Құрбанбаева және Мырзакент кенті әкімінің орынбасары Жарқынбек Абдировтар құттықтау сөзге шығып, белсенді әжелерге жылы лебіздерін білдірді.

Айта кетейік, салт-дәстүр бойынша қыз бала бой жетіп он екіге толған шағында үйдің оң босағасынан арнайы орын беріп, өзіне тиесілі киім-кешек, көрпе-жастығын бөліп, жатын орнын шымылдық құрып көлегейлеп, бөлектеп тәрбиелеген. Бұл дәстүр «қызды оң босағаға шығару» деп аталған.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ