Skip to content
Басты бет / АЙМАҚ / Аудан әкімі орталық базардың инфрақұрылымын сынға алды

Аудан әкімі орталық базардың инфрақұрылымын сынға алды

150

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов командасымен бірге Мырзакент кентін жаяу аралап, кентте жаңадан салынып жатқан архитектуралық нысандар мен орталық базардың қазіргі жағдайымен кеңінен танысты.

Аудан басшысы ең алдымен орталық алаңда бой көтеріп жатқан рәміздер монументінің құрылыс барысын көрді. Құрылыс сапасына, сәулеттік шешіміне және жұмыс қарқынына қатысты нақты тапсырмалар беріп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды мердігер мекемеге қатаң түрде ескертті. Сонымен қатар, Мерейлі және Е.Мәмбетов көшелерінің жол айрығында салынып жатқан мұнара сағатының құрылысын да қарап шықты. Нысанның кент келбетіне көрік беретін маңызды архитектуралық элемент екенін атап өткен аудан әкімі жұмыс сапасына үлкен мән берді.

Бақыт Насырханұлы кенттің орталық базарына да арнайы барып, ондағы қазіргі жағдайды бақылап шықты. Атап айтқанда, ретсіз орналасқан сауда қатарлары, сауда нүктелерінің ескіруі, санитарлық талаптардың сақталуы және жаңадан пайдалануға берілген автотұрақтың тиімділігі сараланды. Жаңа көлік тұрағының толық қуатында пайдаланылмай отырғанын сынға алған Бақыт Асанов такси жүргізушілерімен тілдесіп, көліктерді жол жиегіне емес, арнайы автотұраққа қою қажеттігін түсіндірді. Бұл – ең алдымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кептелістердің алдын алу мақсатында қолға алынған шара екенін жеткізді. Сонымен бірге, жол бойына заңсыз аялдаған жағдайда бейнебақылау камералары арқылы айыппұл салынатынын ескертті.

Орталық базар аумағындағы тәртіп пен санитарлық тазалық мәселелері бойынша базар басшылығына нақты ескертпелер беріліп, кемшіліктерді жою үшін тиісті мерзім белгіленді. Аудан әкімі кәсіпкерлік нысандардың жұмысы тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз болуы керектігін атап өтті.

Жалпы нысандарды аралау барысында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Аудан басшысы кентті көркейту, абаттандыру, инфрақұрылымды жүйелеу және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тоқтаусыз жалғасу керектігін жеткізді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.