Бейсенбі, Қараша 21, 2024
9.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан әкімі білім және денсаулық сақтау саласында қызмет ететін әйелдерді құттықтады

Аудан әкімі білім және денсаулық сақтау саласында қызмет ететін әйелдерді құттықтады

8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне байланысты бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов білім және денсаулық сақтау саласында қызмет ететін әйелдер қауымын құттықтады.

Ең алдымен аудан басшысы «Мырзакент» аудандық ауруханасында болып, осындағы ақ халатты нәзік жандыларды айтулы мерекемен құттықтады. Аудан басшысы денсаулық сақтау саласын әйелдерсіз елестету мүмкін еместігін, бүгінде ауданымызда медицина саласын дамытуда әйелдердің белсенділігі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ, ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген дәрігерлер мен мейірбикелерді өзінің алғыс хатымен марапаттады.

Мұнан соң «Мақтаарал» мәдениет үйінде болып, білім саласының қызметкерлері, ұлағатты ұстаздарға деген жылы лебізін жеткізді.

«Бүгінде әйелдер мен қыз-келіншектер қоғамның қай саласында да белсенді, беделді қызмет етуде. Еліміздің экономикасында, білім мен денсаулық сақтау саласында, мәдениет пен бизнес көкжиегінде Сіздердің іздеріңіз бар. Сол тамаша талпыныстарыңызбен мақталы Мақтаарал ауданының дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Іскерліктеріңізбен қатар, қашанда отбасыларыңыздың ұйытқысы, ырыс-берекесі екендіктеріңіз анық. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!» – деді, Бақыт Насырханұлы.

Іс-шара барысында аудан басшысы белсенді еңбек етіп жүрген ұстаздарды арнайы марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады. Мерекелік кеште аналар, әйелдер туралы әндер айтылып, көктемнің шуақты мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ