Вторник, 14 октября, 2025
26.8 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыАудан әкімдігінде инклюзивті білім беру мен инфрақұрылым мәселелері талқыланды

Аудан әкімдігінде инклюзивті білім беру мен инфрақұрылым мәселелері талқыланды

Аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің, аумақтық мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, алдымен инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселелері қозғалды. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Асанхан Қошқаров баяндама жасап, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту, олардың денсаулығына байланысты үйде білім алуы, есепке алу және бақылау жұмыстарының жүргізілу барысына тоқталды. Сонымен қатар, мектеп-интернаттарға орналастыру тәртібі мен оның тиімділігін арттыру жолдары сөз болды.

Мәжілісте су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесі де көтерілді. Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығына тоқталып, су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен таныстырды.

Жиын барысында газдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында да ақпарат берілді. Қосымша газ тартылған елді мекендердегі тұрғын үйлерді табиғи газға қосу барысы туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов баяндама жасады. Ол тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру және техникалық қосылу процестерін жеделдету қажеттігін атап өтті.

Аппарат мәжілісін қорытындылаған аудан әкімі Бақыт Асанов барлық сала басшыларына тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелердің шешімін жүйелі түрде табуды тапсырды.\

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ