Суббота, 23 августа, 2025
26.7 C
Мырзакент
ҮйСЭСӘсемдік салоны мен шаштаразға барған кезде нені білу қажет?

Әсемдік салоны мен шаштаразға барған кезде нені білу қажет?

Қазіргі таңда терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляция яғни, татуаж, маникюр, педикюр, пирсинг басқа да косметологиялық қызметтерді пайдалану жиілей түсті. Бұл қызмет түрін пайдалу кезінде санитариялық талаптар сақталмаса келушілер мен қызметкерлер арасында вирусты гепатит В және С, папилломавирус, стафилококк пен стрептококк инфекциялары, фолликулит, дерматит, абсцесс, тырнақ және тері саңырауқұлақтары,  педикулез, қышыма және т.б жұқпалы аурулардың таралу қаупі жоғары. Мұндай орындарда инфекция жұғуы негізінен жарақатталған тері, шырышты қабық арқылы немесе қолданылған құралдары арқылы жүреді.

Халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық мынадай талаптар қамтылуы тиіс. Тұрғын үйлерде объектілер жеке кіреберісі бар болған жағдайда орналастырылады. Жертөле қабаттары қосалқы және көмекшi үй-жайлар ретінде пайдаланылады. Косметикалық кабинеттер ыстық және салқын су жүргізілген раковинамен жабдықталады, жабдық кешенімен, бір рет қолданылатын құрал-саймандар мен материалдар қорымен жарақталады.

Қызмет көрсету кезінде клиенттердің денсаулығына қарсы келетін және жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Сонымен қатар, қолданылатын химиялық препараттардың технологиясын, құрамын, шоғырлануын және әсер ету (ұстау) уақытын қатаң сақтау керек. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және оны келушілерге өткізу олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүргізіледі.

Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған кезде, персоналдың клиенттермен жұмысы қорғаныш оқшаулағыштармен (саусаққапен, жабысқақ пластырьмен) жүзеге асырылады. Маникюр, педикюр, косметикалық көрсетілетін қызметтерді жеке жинақтар болған жағдайда жүргізеді. Тері, сілемейлі беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады. Маникюрге, педикюрге арналған құралдарды, сондай-ақ шығыс материалдарын кейіннен микроорганизмдермен екінші рет контаминацияны болдырмайтын жағдайларда сақтай отырып, бу, ауа немесе химиялық стерилдеу әдісімен стерильдейді. Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі. Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң жуу құралдарын пайдалана отырып өңделеді. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға, астылық лентамен қолданылады.

Әрбір келушi таза киім-кешек қорымен (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етілуі тиіс. Таза киім-кешек пен парфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар немесе орындар стеллаждармен немесе шкафтармен, лас киім-кешекке арналған қақпағы бар ыдыстармен жабдықталады. Пайдаланылған және таза киім-кешек араластырылмайды. Пайдаланылған киім-кешек қайта пайдаланылмайды.  

Тарақтарды, щеткаларды, шаш қиюға арналған қайшыны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрбір клиенттен кейін толық батырған (дезинфекциялау ерітінділері) кезде химиялық әдіспен немесе ультракүлгін сәулелеу арқылы кейіннен дезинфекциялай отырып, ағынды судың астында жуылуы қажет. Электрлік ұстаралардың алмалы-салмалы пышақтары, косметикалық жабдықтар мен аспаптарға арналған электродтар әрбір клиентке қызмет көрсетілгеннен кейін дезинфекциялау құралымен екі рет (15 минут аралықпен) өңделеді. Жуу және дезинфекциялау құралдары жеке үй-жайда немесе орында сақталады. Қанмен ластанған қол немесе қолғап сабындап ағынды сумен жуылады, кейіннен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Қанмен ластанған қолғап кейіннен кәдеге жаратыла отырып, дезинфекциялау ерітіндісіне батырылуы тиіс.

Жұмыскерлер жеке бас тазалығын сақтауы қажет. Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне тексерiлуі қажет.

Эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру, дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазалау, стерилдеу режимін сақтауды бақылау объектінің әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізушіге жүктеледі.

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары  А. Искаков

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ