Мақатаарал ауданының ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және Иіржар ауылдық округі “Асыл мұра” жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен “Амал келді, жыл келді” атты тақырыпта концерттік бағдарлама өтті.
Іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының мүшелері, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: көрісу күні туралы түсінік беру, қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау.
Ата-бабаларымыз ертеден дәл осы күні бір-бірімен қуана қауышып, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілекретін арнаған. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен.