Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Әкімнің орынбасары «Атамекен» кедендік бекетінде ретсіз жүк көліктерінің мәселесін зерделеді

Әкімнің орынбасары «Атамекен» кедендік бекетінде ретсіз жүк көліктерінің мәселесін зерделеді

402

Аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков «Атамекен» кедендік бекетінде жүк көліктерінің ретсіз орналасуы мен ұзақ кезек мәселесін шешу мақсатында арнайы рейд жүргізді.

Рейд барысында әкімдік өкілдері мен жауапты мекемелердің мамандары бекет маңындағы көлік қозғалысын, өткізу жүйесінің тиімділігін және жүргізушілерге жасалған жағдайды тексерді.

Бижан Анарбеков кеден бекетіне кіріп-шығу тәртібін ретке келтірудің маңыздылығын атап өтіп, көлік ағымын ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, жүргізушілермен тілдесіп, олардың көтерген өзекті мәселелерін тыңдады.

«Аудан аумағындағы кедендік бекеттердің жұмысы – экономикалық және логистикалық тұрғыдан маңызды бағыттардың бірі. Сол себепті мұндағы тәртіп пен қозғалыс реті нақты ережелерге сай болуы қажет. Жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау мен құқықтық тәртіпті сақтау – басты міндет», – деді, аудан әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, «Атамекен» кедендік бекеті жуырда ғана толықтай күрделі жөндеуден өткен болатын. Жаңғырту жұмыстары аясында өткізу қабілеті арттырылып, инфрақұрылым жақсартылды, қызметтік ғимараттар жаңартылды және заманауи техникалық жабдықтар орнатылды.

Қазіргі таңда аудан әкімдігі мен тиісті мекемелер көлік қозғалысын оңтайландыру және кезек мәселесін түбегейлі шешу бағытында кешенді шаралар қабылдап жатыр.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.