Вторник, 4 ноября, 2025
3.7 C
Мырзакент
ҮйСЭСАдам папиллома вирусы дегеніміз не және ол несімен қауіпті?!

Адам папиллома вирусы дегеніміз не және ол несімен қауіпті?!

Бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус өте жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгертуге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытуымен қауіпті.

Адам папилломасы вирусына қарсы профилактикалық егулерді жүргізу алгоритмі.

➢ АПВ-ға қарсы вакцинация 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

➢ Вакцина 0,5 мл дозада иықтың дельта тәрізді бұлшықет аймағына енгізіледі.

➢Бұл ретте, АПВ-ға қарсы вакцинаның екінші дозасын енгізу бірінші дозаны енгізген сәттен бастап 12 айдан кешіктірілмей енгізіледі.

➢ Екінші дозаны уақтылы енгізбеген жағдайда вакцинация курсын қайтадан бастау ұсынылмайды; жеткіліксіз екінші доза енгізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцинацияның бірінші дозасын енгізуге ерекше күшті реакция дамыған жағдайларда, екінші дозаны енгізу тоқтатылады.

Егілуге тиіс адамдарды вакцинациялау мектептердің медициналық кабинеттерінде жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарында медициналық кабинеттер немесе вакцинация жүргізу үшін жағдайлар болмаған кезде АПВ-ға қарсы вакцинация медициналық ұйымдардың егу кабинетінде жүргізіледі.

АПВ вирусының жұғу жолдары.

➢Тұрмыстық жанасу жолмен АПВ қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда өздеріңізді ұқыпты ұстағаныңыз дұрыс.

➢Жыныстық жолмен. Вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.

➢Тікелей жолмен туу кезінде. Вирус анадан сәбиге оның босануыжолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

АПВ жұқпасынан сақтанудың жолы ол- вакцинация.

Қәзіргі таңда облыс бойынша АПВ-ның 1 кезеңімен 26 мыңға жуық қыздар, 2- кезеңімен 20 мыңға жуық 11-13 жастағы қызбалалары қамтылды. Екпе алғандардың ішінде иммундаудан кейінгі қолайсыз көрсеткіштер тіркелген жоқ.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ